Әншілер үшін тиктоктың жағымды жағы өте көп. Осыдан бір жыл бұрын, Раймның «Двигаться» трегі аталмыш желі арқылы хитке айналып, трендттен түспеп еді. Бұл үрдісті байқаған отандық жұлдыздар да тректерін дәл осылай жарнамалақ ниетте. Мәселен, Дана Кентай продюсерінің ұсынысымен туындыларын тиктокқа жүктеп жүр.
Дана Кентай, әнші:
- Продюсер айтып бастады, неге сен басқаларды түсіргенше, өзіңнің әніңді кішкене болсын рекламировать етіп шығарған дұрыс шығар деп. Осы жақында ғана «ия, жоқ» әнін қолға алдым. Одан кейін жақында шыққан тағы да «әрбір қыздың ойында» деген ән. Осы екі ән кішкене де болсын бір 600 адамдай түсіріп сондай болыпты енді. Әзірге ондай тренде болып жатқан жоқ.
Салтанат Құдайбергенова болса, отандық әртістердің бұл желіде әрдайым трендте болғанын қалайды. Себебі әнші: «Шетелге танылудың бір жолы тиктокта жұлдыз болу» - дейді.
Салтанат Құдайбергенова, әнші:
– Бәсеке арқылы өсеміз. Мен біздің отандық әртістеріміздің өнер адамдарының өскенін қалаймын. Шетелге танылғанын қалаймын. Еңбектерінің ақталғанын қалаймын. Сол себептен өте дұрыс деп санаймын.
Ал Авди Сенпай аталмыш платформаны игеріп алу оп-оңай екенін алға тартады. «Тиктокерлер танымалдылығының арқасында әртістерге бәсекелестік тудыруы мүмкін» дейтіндерге желі жұлдызының жауабы мынау:
Авди Сенпай, тиктокер:
- Тиктоктың өз аудиториясы, шоу-бизнестің өз аудиториясы басқа екеуін қарасақ. Тиктокта көбінесе сразу ол видео салсаң сразу миллионға кетіп қалуы мүмкін, екі миллионға, так что аудиторияға шек жоқ тиктокта.
Осылайша, тикток үлкен мүмкіндіктер алаңы атанып отыр. Мұны байқаған өнер өкілдері бұл әлеуметтік желіде белсенділік танытуда. Мысалы, Салтанат Бақаева, Айқын Төлепберген, Динара Сәтжан бастаған жұлдыздар күн сайын тикток түсіруді әдетке айналдырған.